Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Бернар Фонтананы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Бернар Фонтананы қабылдады

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен EDF арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Компания төмен көміртекті және атом энергетикасы саласы бойынша әлемдегі жетекші ұйым саналады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент бірлесе жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтіп, еліміз француз компаниясымен өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше мән беретініне тоқталды.

EDF басқарма төрағасының айтуынша, компания орнықты және заманауи энергетикалық инфрақұрылым бойынша байланыстарды одан әрі жандандыруға ниетті.

Президент Қазақстан халықаралық серіктестермен, соның ішінде EDF компаниясымен ашық және тең дәрежелі қағидаттарға сай тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін растады.

Кездесуде уран жеткізу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз саналатынын, Қазақстанның...

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын...

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен EDF арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Компания төмен көміртекті...