Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі - грант) беру жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.
Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.
Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
Конкурстық өтінім: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287
2-қосымша сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (PDF форматы);
Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
3-қосымша сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы (PDF форматы);
Зияткерлік меншік туралы мәлімет (бар болса, PDF форматы);
Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).
Жастарға арналған республикалық гранттық байқауға өтінімдер қабылдау басталды

