Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес атқарылуда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Кешенді шаралар Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың, соның ішінде құқық қорғау құрылымдарының және «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы комиссиясы мүшелерінің белсенді қатысуымен қолға алынып келеді.

«14,8 млн гектар жердің 10,8 млн гектары қайта бөлінді, оның ішінде 6,7 млн гектары конкурс негізінде берілді, ал 4,1 млн гектары ортақ пайдалану жерлері ретінде бекітілді. Бұдан бөлек, бұрын пайдаланылмаған 5,2 млн гектар жер тиісті шаралар қабылданғаннан кейін шаруашылық айналымға берілді», – деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Жалпы жер ресурстарын ұтымды пайдалану барысына жүргізілген бақылау шеңберінде 7 100-ден астам тексеру жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 5 300-ден астам нұсқама берілді.

Қолға алынған жұмыстар жер ресурстарын тиімді пайдалануды арттыруға, оларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге және экономикалық айналымға тартуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген кәсіп түрінде сатылым жыл бойы біркелкі болмайды. Белгілі бір тауарлар мен қызметтерге сұраныс мереке, оқу жылының басталуы, ауа райының...

Нарықтағы сұраныс үнемі бір деңгейде сақталмайды. Тұтынушылардың талғамы, маусымдық қажеттілік және жаңа өнімдерге қызығушылық өзгеріп отырады....

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы хирургтарының халықаралық қатысумен өтетін «Заманауи хирургияның өзекті мәселелері» атты республикалық...