ШҚО-да «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті

ШҚО-да «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті

Жеңіс күніне орай облыс орталығындағы Даңқ мемориалында «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов отбасымен бірге қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Сұрапыл соғыстан оралмаған шығысқазақстандық боздақтардың рухына тағзым етіп, өшпес ерліктеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған акцияға жиналғандар жалпы саны 7199 шырақ жақты. Шырақтар үстіден қарағанда жұлдыз бен 81 санын бейнеледі. Себебі биыл Жеңіс жалауының желбірегеніне 81 жыл толып отыр.

Ары қарай шара мерекелік концертке ұласып, патриоттық әндер шырқалды. Соңында халық отшашуды тамашалады. 

Айта кетейік, «Өз шырағыңды жақ» акциясы Өскеменде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

UNICEF Community Event: в университете имени Жанибекова обсудили будущее профессий Может ли искусственный интеллект заменить человека и какие навыки помогут...

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шанхай қаласында өтіп жатқан 9-шы Қытай халықаралық импорт көрмесіне (China...