Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады

Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады
Батыс Қазақстан облысында алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін қуаты 50 МВт болатын энергетикалық нысанның құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Жел электр станциясын салу үшін 140 га жер телімі берілген. Инвестиция көлемі – 21 млрд теңге. 

Жоба өңір экономикасының дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылықты арттырады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс осы айда басталып, келесі жылы толық аяқталады. Кепілдік мерзімі – 20 жыл. 

Өңірде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйелі түрде жалғасады. Жақын арада Жәнібек ауданының Өнеге ауылында гибридті электр станциясының құрылысы басталады. Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде облыс импортқа тәуелділіктен арылады.

Соңғы 3 жылда өңірді энергиямен жабдықтауға 44 млрд теңгеден астам қаржы бағытталса, биыл 20 млрд теңге бөлінді. 2029 жылға қарай электр желілерінің тозу деңгейін 11 пайызға төмендету жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

11 қыркүйекте Түркістанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық –...

Шардара аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шекара қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Кездесу барысында суицидтің алдын алу,...