Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

Құрметті Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қонақтары!

Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық және оны өткізу аясында 15 мамыр күні Түркістан қаласының бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Атап айтқанда, қозғалысқа шектеу келесі аумақтар мен көшелерде кезең-кезеңімен енгізіледі: «Алтын шаршы» аумағы, Батырбеков, Т.Бокин, С.Қожанов және Байбұрт көшелері, «Керуен сарай» туристік аймағы, Б.Саттарханов даңғылы, №11 көше, №32 көше, №9 көше, Шымкент тас жолы, Есім хан даңғылы және Әуежай тас жолы.

Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген жол белгілері мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштерінің күштері мен құралдары, оның ішінде әскери авиация мен арнайы техника жұмылдырылады.

Өңір тұрғындары мен қала қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды саяси іс-шараны өткізу кезеңіндегі уақытша шектеулер мен қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...