Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

Түркия Президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. 

Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына «Ata yurda hoş geldiniz!» – «Атажұртқа қош келдіңіз!» деп екі тілде қошемет көрсетті. 

Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті. 

Әуежай терминалында жас өнерпаздар Түрік елінің көшбасшысына арнап «Домбыра» композициясын орындады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен,  Малайзия Премьер-министрі Ануар...

Электр энергиясы, жылу және басқа коммуналдық ресурстар көптеген кәсіпорындардың тұрақты шығынына кіреді. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын жабдықтардың жұмыс уақыты да көбейіп,...