Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті
Бүгінде Қазақстан автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қажетті жол битумына деген ішкі сұранысты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Бұған Caspi Bitum зауытының қуатын кеңейту жобасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді – мұнай өңдеу көлемі жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде жол битумын өндіру көлемі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін артты. Жоба Энергетика министрлігі жүзеге асырып жатқан мұнай өңдеу саласын дамытудың тұжырымдамасы аясында орындалған алғашқы іс-шара болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елімізде жалпы қуаты жылына 1,6 млн тоннаны құрайтын 4 зауыт жұмыс істейді. Көлік министрлігі мен КазАвтоЖол мәліметінше, 2026 жылы ішкі нарықтың қажеттілігі шамамен 1,1 млн тоннаны құрайды. Осылайша, қолданыстағы өндірістік қуаттар Қазақстанның жол битумына деген ішкі сұранысын толық қамтамасыз етеді.

Caspi Bitum зауыты жол-құрылыс компанияларынан өтінімдер болған жағдайда битумды жеткілікті көлемде өндіруге дайын.

Қабылданған шаралар жол-құрылыс саласын отандық битуммен тұрақты қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті төмендетуге және мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен,  Малайзия Премьер-министрі Ануар...

Электр энергиясы, жылу және басқа коммуналдық ресурстар көптеген кәсіпорындардың тұрақты шығынына кіреді. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын жабдықтардың жұмыс уақыты да көбейіп,...