Абай ауданында инфрақұрылым жүйелері жаңғыртылып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда

Абай ауданында инфрақұрылым жүйелері жаңғыртылып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда

Шымкент қаласының Абай ауданында инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінде аудан аумағында 27 елді мекен орналасқан. Онда 55 159 жеке тұрғын үй, 320 көпқабатты тұрғын үй және 257,7 мыңнан астам халық тұрады. Сонымен қатар, ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысан бар.

Ауданның негізгі басым бағыттарының бірі – жол инфрақұрылымын дамыту. Қазіргі таңда Абай ауданындағы көшелердің жалпы ұзындығы 1080 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1192 көше асфальтталып, асфальт жолдардың үлесі 95,2 пайызға жеткен. Ал 82 көше тас жол санатына жатады.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудан аумағындағы барлық тас көшелерді толықтай асфальттау жоспарланған. Осы мақсатта өткен жылы 474 көшеге асфальт төселген. Алайда қолайсыз ауа райы жағдайлары мен кейбір жаңақұрылыс аумақтарында тұрғындардың жеткілікті деңгейде қоныстанбауына байланысты 82 көшеде жұмыстар толық аяқталмаған. Қазіргі таңда аталған көшелерде құрылыс жұмыстары қайта жанданып, биыл аудан көшелерін 100 пайыз асфальтпен қамту көзделіп отыр.

Абай ауданында көше жарықтандыру мәселесіне де айрықша көңіл бөлінуде. Бұған дейін, яғни 2024 жылға дейін ауданда небәрі 193 көше жарықтандырылып, бұл көрсеткіш жалпы көшелер санының 15,1 пайызын ғана құраған болатын. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудан аумағындағы барлық көшелерге жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде бүгінде 1081 көше толық жарықтандырылып, көрсеткіш 100 пайызға жетті. Қазіргі уақытта орнатылған жарық шамдарын күтіп ұстау және техникалық қызмет көрсету жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

2026 жылдың І тоқсанында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 9 ойын алаңшасы, 3 спорт алаңшасы және 2 гүлзар салу жұмыстары басталған.

Сонымен қатар, тұрғындар үшін қолайлы жаяу жүргінші инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында жалпы ұзындығы 44,5 шақырымды құрайтын 35 көшеге аяқ жол салу жоспарланған. Бүгінде 16 көшеде 20 шақырым аяқ жолдың құрылысы толық аяқталды. Қалған 19 көшедегі жұмыстарды 2026 жылдың маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жарықтандыру бағытында да нақты жұмыстар атқарылуда. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Ақжайық шағынауданындағы 18 көпқабатты тұрғын үй ауласына жарықтандыру жүйелері толық орнатылған.

Сондай-ақ, қала келбетін жақсарту және кешкі эстетикалық көріністі қалыптастыру мақсатында Асар шағынауданы Жейхун көшесінің бойында орналасқан 30 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда Абай ауданы тұрғындары инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылған. Атап айтқанда, ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетіп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ