Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жобаны іске асыру нәтижесінде 500-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарында көмірден дизель отынын өндіретін, әрқайсысының қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайтын екі жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бұдан бөлек, тағы үш перспективалы жоба пысықталуда. Қарағанды облысында таскөмір шайырын қайта өңдеуді, бензол өндіруді және кокс газын тазартуды қамтитын кокс-химия өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр. Абай облысында аммиак пен карбамид өндіру жобасы қолға алынбақ. Тағы бір жоба көмірден газ өндіруді көздейді.
Қазақстанның бай көмір қоры жаңа жоғары технологиялық өндірістер құруға және көмірді терең өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

