«Тазалық сақшылары» заңсыздыққа қарсы: Әл-Фараби ауданында рейд өтті

«Тазалық сақшылары» заңсыздыққа қарсы: Әл-Фараби ауданында рейд өтті

Әл-Фараби аудан прокуратурасының үйлестіруімен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыру мақсатында «Тазалық сақшыларымен» бірге рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты есірткі жарнамаларын жою, құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу болып табылады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде «Тазалық сақшыларымен» 113 құқық бұзушылық бойынша хабарлама берілді. Оның ішінде 69 хабарлама 109 iKomek жүйесіне тіркеліп, нәтижесінде 24 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 қылмыстық іс тіркелді.

Сонымен қатар, жыл басынан аталған бағыттағы жұмыстарға белсенділік танытқан үздік «Тазалық сақшыларымен» кездесу өткізіліп, оларға алғыс хаттар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысу үшін келген Сауд Арабиясы Корольдігінің өнеркәсіп және...