Қайтарылған жер учаскелері толығымен қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.
«Қайтарылған жерлердің бір бөлігі ауыл шаруашылығы өндірісіне берілсе, тағы бір бөлігі елді мекендердің жайылымдық қорын кеңейту мақсатында резервке қойылады. Биыл 30 мың гектар жерді қайта айналымға енгізу және 40 мың гектар жерді жайылымдық қор ретінде резервтеу жоспарланған. Бұл шаралар ауылдық жерлердегі жайылым тапшылығын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, 2024 жылы кейбір аудандарда жайылым жетіспеушілігі 97 мың гектарды құраса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 18,9 мың гектарға дейін төмендеген. Яғни тапшылық деңгейі 80,5%-ға азайған» – деді Ақтөбе облысы Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділбек Қабидуллин.
2026 жылы 80 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Қазіргі уақытта 105 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспардың орындалуы 131%-ды құрады.

