Енді Президент пен әкімдер партия мүшесі болмайды

Енді Президент пен әкімдер партия мүшесі болмайды

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына арнаған жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ. 

Дәлірек айтсақ, Тоқаев елді басқарып отырған Президент партияға мүше болмауы керек деп, заңға тиісті өзгерістер енгізу керек екенін айтты. 

«Қазір бәрі дерлік Президентке бағынған және бұл теріс нәрсе. Біртіндеп бұндай тәжірибеден кету керек. Мен үшін мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесі биліктегі қосымша бір үстемдіктен артық. Сондықтан, Президент сайланған мерзімі ішінде партияға мүше болмасын деген өзгеріс енгізуді ұсынмын. Бұл саяси бәсекелестікті күшейтіп, барлық партиялардың дамуына жағдай жасайды», -деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, Президент заңға тиісті өзгеріс енгізе отырып, енді әкімдер мен олардың орынбасарлары партия филиалдарын басқаруды тоқтатуы керек деді. Әкімдертен тыс, енді Есеп комитетінің төрағасы, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сияқты өте маңызды қызмет атқаратын адамдар да партияға мүше болмайды деді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылау жүйесін қайта құруда. Биылғы бірінші тоқсанда...

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес...

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...