Тассай елдімекенін инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасуда

Тассай елдімекенін инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасуда
Қазіргі уақытта Тассай елдімекені тұрғындарын көгілдір отынмен және кәріз жүйесімен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Табиғи газдың құрылысы мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан басталған. Бүгінде құрылыстың 30 пайызы аяқталды. Жоспар бойынша құрылыс толығымен 2023 жылы аяқталып, тассайлықтар келесі жылы көгілдір отынмен қамтылады.
Сондай-ақ, аталған елдімекенде кәріз жүйесінің құрылысы да қатар жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан ішкі орамдық кәріз құбырын тарту жұмысының 46 пайызы аяқталды.
Жоба бойынша барлығы 115,2 шақырымды құрайтын кәріз құбыры орнатылатын болады. құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2023 жылға жоспарланған.
Нәтижесінде 2023 жылы Тассай елдімекеніндегі инфрақұрылым мәселесі толығымен шешімін табады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай қаласында өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңындағы кездесуде Қазақстанның цифрлық даму бағытын...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов  China Tianying Inc. компаниясының президенті әрі партия комитетінің хатшысы Дэбяо Цаомен...