Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен кездесу өткізді. Онда ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ секторы әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Үкімет өзара тиімді әріптестікті нығайтуға, қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыруға және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүдделі.

Дэн Амманн ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы қызметінің келешегіне қатысты жоспарларын ұсынып, компанияның еліміздің мұнай-газ саласындағы ұзақмерзімді қатысуын сақтауға ниетті екенін растады.

Жиын барысында заманауи технологияларды енгізуге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров в ходе рабочей поездки в Сайрамский район принял участие в церемонии закладки капсулы под строительство...

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында елімізді халықаралық еңбек тетіктеріне...