Абай облысында сегіз теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр

Абай облысында сегіз теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел бойынша 124 вокзалды реконструкциялау бағдарламасына өңірдегі 10 нысан енгізілген. Оның екеуі пайдалануға беріліп, қалған сегізінде құрылыс жүріп жатыр.

Маусым айында Бородулиха ауданындағы Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттардың аумағы кеңейтіліп, перрондар жаңартылды және іргелес аумақтар абаттандырылды.

Бекітілген кесте бойынша Үшбиік, Дегелең, Жалаңашкөл, Шар және Жарма вокзалдарын тамыздың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ақтоғай, Аягөз және Семейдегі жұмыстар қыркүйек айының соңында мәресіне жетуі тиіс.

Аягөзде ескі ғимарат толығымен бұзылып, орнына ауданы 1367,65 шаршы метр жаңа вокзал салынуда. Семейдегі халықаралық вокзал 3037,9 шаршы метрден 4905,05 шаршы метрге дейін кеңейтіледі. Оның тәуліктік өткізу қабілеті 1619 жолаушыдан 3156 жолаушыға дейін, яғни екі есеге жуық артады. Жобаға конкорстық өткел де енгізілген.

Облыс әкімі Берік Уәли жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген көлік инфрақұрылымын жетілдіру және өңірлердің теңгерімді дамуын қамтамасыз ету міндеттерімен сабақтас екенін атап өтті.

Вокзалдарды жаңарту жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, барлық санаттағы азаматтар үшін қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі негізгі міндет – сегіз нысандағы құрылысты бекітілген мерзімде аяқтау.

Жаңартылған вокзалдар өңірдің көлік байланысын күшейтіп, елді мекендер арасындағы қатынастың сапасын арттырады. Сонымен қатар заманауи инфрақұрылым жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастырып, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлердің жолын...

Целью мероприятия является проверка уровня готовности сил и средств правоохранительных и специальных органов по пресечению различных угроз...

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін су ресурстарын үнемдеу және...