Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады

Корея Республикасы, Сеул қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы дамушы елдердің «жасыл экономика» моделіне көшуіне қолдау білдіретін GGGI қызметінің маңызына тоқталды. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы табыстарын құптап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

11 қыркүйекте Түркістанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық –...