Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай Президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ