Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Түрікменстан, Аваза

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.

Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды.

Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның барлық өңірінде әйелдер сүт безі обырының алдын алу бойынша тексерілуден өтіп, бейінді дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігіне ие болуда....

Қазақстанда жасанды интеллект бағытындағы құзыреттерді дамытудың ұлттық жүйесі құрылуда. Бұл жүйе мамандарды оқытудың әр алуан деңгейін қамтиды:...

Ақтөбеде «Азаматтық әріптестік: жаңа форматтар – ортақ шешімдер» атты конференция өтті. Қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес...