Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Армения, Ереван қаласы

Ереванда өтіп жатқан COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен және Еуропалық комиссияның таза, әділ және бәсекеге қабілеттілікке көшу мәселелері жөніндегі атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Халед Әл-Ананимен кездесуде Қазақстанның ЮНЕСКО-мен білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды. Халықаралық бастамаларды ілгерілетудегі ынтымақтастықты кеңейтудің маңызы айтылды. Бұл елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуды және диалогты нығайтуды көздейді.

Тереза Риберамен әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақтың орнықты даму, энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы 17 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Асарлату» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру...