Татарстан Қазақстанға тікелей рейстерді кеңейтуде

Татарстан Қазақстанға тікелей рейстерді кеңейтуде

Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов «Nordwind» әуекомпаниясының Бас директорының орынбасары – коммерциялық директоры Антон Маттиспен кездесіп, тікелей жолаушылар әуе рейстерін іске қосу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуде Ресейден Қазақстанға тікелей рейстерді кеңейтудің Қазан мен Қазақстан қалалары арасындағы туристік салада, іскерлік ынтымақтастықта, сондай-ақ мәдениет, спорт және басқа да бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңыздылығы атап өтілді. Жаңа рейстің іске қосылуы екі республиканың компаниялары мен азаматтары арасындағы кооперацияны жандандыруға ықпал етіп, тікелей әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысқа жауап береді және Қазақстанның көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Астана–Қазан бағыты бойынша тұрақты рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері Boeing-737 ұшағымен орындалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ