Ақылды каскалар: Алматының электр желілерінде экшн-камералар енгізілді

Ақылды каскалар: Алматының электр желілерінде экшн-камералар енгізілді

Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілерінде жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында экшн-камераларды енгізуде.

2024 жылы пилоттық жоба аясында алғашқы экшн-камераларды пайдалана бастады. Бүгінгі таңда олардың жалпы саны 268-ге дейін жетті.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр желілері аудандарының (ЭТА) барлық жедел-көшпелі бригадалары ақылды каскалармен жабдықталған. Шеберлер бригадаларын жабдықтау жұмыстары жалғасуда.

Камералар қауіпсіздік талаптарының сақталуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. ЭТА басшылары, диспетчерлер және еңбекті қорғау мамандары ықтимал қауіп-қатерлерді жедел анықтап, қажет болған жағдайда жұмыстарды тоқтатуды талап ете алады. Сонымен қатар бейнежазбалар тұрақты түрде талданып, анықталған бұзушылықтар бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және қосымша нұсқамалар беріледі.

Экшн-камераларды енгізу еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге, қауіпті жағдайларды уақтылы анықтауға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдауға көмектеседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Амур есімді аталық жолбарыс табиғи...