Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, үкіметаралық комиссия отырысын өткізді

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, үкіметаралық комиссия отырысын өткізді

Иерусалимге жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесіп, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының 10-отырысында Қазақстан делегациясына жетекшілік етті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Жаслан Мәдиев Ицхак Герцогке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді. Кездесу барысында тараптар бұған дейін қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын, сондай-ақ жасанды интеллект, су технологиялары, маңызды минералдар және туризм салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша елдер арасында тікелей әуе қатынасын дамыту жөнінде келісіп, визасыз режим енгізу жоспарларын қарастырды.

Үкіметаралық комиссия отырысы

Отырыс қорытындысындағы басты нәтиже екі ел бизнесі көптен күткен Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға қол қою болды. Сонымен қатар бизнес-форум аясында жеті коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Күн тәртібіне инвестициялар, сауда, су ресурстары, денсаулық сақтау, энергетика, өнеркәсіп, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғарыш және білім беру мәселелері енгізілді. Келіссөздерге екі елдің бейінді мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Су ресурстарын басқару мәселесіне ерекше назар аударылды. Аумағы кең әрі климаттық жағдайлары әртүрлі Қазақстан үшін су жүйелерін мониторингтеу, су шығынын азайту және инфрақұрылымды жаңғырту технологиялары өзекті. Тараптар Израиль тәжірибесін қолдану және бірлескен жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін қарастырды.

Денсаулық сақтау саласында инвестициялық әріптестік, медициналық инфрақұрылымды дамыту және кәсіби құзыреттер алмасу мәселелері талқыланды.

Келіссөздердің басым бағыттарының бірі цифрлық экономика болды. Қазақстан өзінің есептеу инфрақұрылымын жүйелі түрде кеңейтіп, мемлекеттік басқару мен экономика салаларына жасанды интеллектті енгізуде, технологиялық компаниялар мен мамандар даярлау бағдарламаларын дамытуда. Тараптар бірлескен зерттеулер жүргізу, жаңа технологиялық өнімдер жасау, киберқауіпсіздік саласында тәжірибе алмасу және аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ күн тәртібіне университеттер мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастық, ғарыш технологияларын бейбіт мақсатта пайдалану және қолданбалы зерттеулер мәселелері енгізілді.

«Біз үшін ынтымақтастық тәжірибе алмасу және құжаттарға қол қоюмен ғана шектелмеуі маңызды. Оның нәтижесінде нақты жобалар, жаңа құзыреттер, инвестициялар мен Қазақстанда іске асатын технологиялар пайда болуы керек. Алдағы әріптестікті осы бағытта дамытуды көздеп отырмыз», – деді Жаслан Мәдиев.

Келесі кезеңде жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу, ғылым, әлеуметтік сала және инвестицияларды қорғау бағыттарындағы ынтымақтастықты құжат жүзінде рәсімдеу жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Казахстан претендует на роль одного из центров искусственного интеллекта между Европой и Азией. Глава NVIDIA Дженсен Хуанг во время первого визита в...

Казахстанские специалисты все активнее участвуют в создании технологических продуктов, ориентированных на международный рынок. Одним из таких...

Визит основателя и генерального директора NVIDIA Дженсена Хуанга в Казахстан привлек дополнительное внимание к развитию искусственного интеллекта и...

В материале британского международного финансово-аналитического издания Global Banking & Finance Review проект Data Center Valley в Экибастузе рассматривается...