Армия спортшысы Әсем Орынбай Қазақстанға алғашқы олимпиадалық жолдаманы жеңіп алды

Армия спортшысы Әсем Орынбай Қазақстанға алғашқы олимпиадалық жолдаманы жеңіп алды

Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының атынан сайысқа түскен сержант Әсем Орынбай Доха (Катар) қаласында өткен әлем чемпионатында стенд атудан Қазақстанға алғашқы олимпиадалық жолдама сыйлады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде әскер спортшысы 125 нысананың 121-іне дәл тигізді. Қосымша атыс нәтижесінде финалға жолдама алған Әсем шешуші кезеңде 24 нысананың 20-сын атып түсіріп, үздік бестіктің қатарына кірді.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға алғашқы лицензияны иеленуге мүмкіндік берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ