Астанада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтуде

Астанада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтуде

Елордада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтуде. 7 және 8 қараша күндері Астана тұрғындары отандық шаруалардан ет өнімдерін делдалсыз, қолжетімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және еліміздің басқа да облыстарынан келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысуда. Жоба аясында 1 000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланған.

Жәрмеңке отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға, өнімді тікелей өткізу арналарын дамытуға және халық үшін азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Бұл шара 7 және 8 қараша күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін елорданың үш сауда алаңында өтеді:

• «Keruen Joly» сауда орталығы - Алаш тасжолы, 35Б;

• «Ет Әлемі» сауда орталығы - Алаш тасжолы, 31/1;

• «Jurt» сауда орталығы - Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.

Алдағы уақытта «Соғым-FEST» жәрмеңкесін әр демалыс сайын өткізу, сондай-ақ елорда тәжірибесін Қазақстанның басқа өңірлеріне тарату жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкентте футболдан Қазақстан чемпионы атанған «Ордабасы» клубының жеңісіне арналған мерекелік шара өтті. «Астана» алаңында ұйымдастырылған...