Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 322-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 322-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 322-ші ерікті өртке қарсы құралымның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды No-comment.kz – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа өрт сөндіру бекеті аудан орталығынан шалғай орналасқан, 600-ден астам тұрғыны бар екі елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін кеңейтеді.

Нысан жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен және ауылдық жерлердегі өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға демеушілік көрсеткен «GoldCorp» ЖШС қолдауымен ашылды.

Бекетте жеке құрамның тәулік бойы қызмет атқаруына қажетті жағдай жасалған. Ол өрт сөндіру автокөлігімен, байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жабдықтармен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Жаңа бөлімшенің іске қосылуы өрт оқиғаларына жедел ден қоюға, оқиға орнына күштер мен құралдардың жету уақытын қысқартуға және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар шалғай елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін нығайтып, тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда денсаулық сақтау...

Кәсіпорын тапсырысты орындамас бұрын оның болжамды құнын есептейді. Алайда жұмыс аяқталғаннан кейін нақты жұмсалған қаражат бастапқы жоспардан...