Қазақстандық дәрігерлер 98 жастағы пациенттің жүрек қақпақшасын 45 минутта ауыстырды

Қазақстандық дәрігерлер 98 жастағы пациенттің жүрек қақпақшасын 45 минутта ауыстырды

Қазақстандық дәрігерлер 98 жастағы пациенттің жүрегіне күрделі операцияны сәтті жасады. Заманауи медициналық технологиялардың көмегімен мамандар зақымданған жүрек қақпақшасын кеуде қуысын ашпай-ақ ауыстырды. Операция небәрі 45 минутқа созылып, асқынусыз өтті, деп хабарлайды No-comment.kz – Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Операцияны Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары жүргізді.

Пациентке аорталық стеноз диагнозы қойылған. Бұл – жүрек қақпақшасының тарылуы қан ағымының бұзылуына, жүрекке түсетін жүктеменің артуына және ауыр жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін ауру.

Пациенттің жасы ескеріліп, дәрігерлер заманауи аз инвазивті TAVI технологиясын қолданды. Бұл әдіс жүрек қақпақшасын кеуде қуысын ашпай және жасанды қан айналымы аппаратын қоспай, сан аймағындағы кішкентай тілік арқылы ауыстыруға мүмкіндік береді.

«Бүгінде біз жасы өте ұлғайған пациенттерге де көмек көрсете аламыз. Олардың өмірін ұзартуға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік бар. Бес жыл бұрын осындай операцияны 94 жастағы пациентке, төрт жыл бұрын 96 жастағы пациентке сәтті жасадық. Енді 98 жастағы пациентке де көмектестік», – деді институт басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Операцияның нәтижесі бірден байқалды: жаңа қақпақша толыққанды жұмыс істеп, қан ағымының көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды.

Қазіргі уақытта пациент дәрігерлердің бақылауында.

Операцияны Алексей Колесников, Алмат Қалжанов және Нұржан Теменов бастаған дәрігерлер тобы орындады.

Отандық кардиологияда заманауи технологиялардың дамуы жасы ұлғайған пациенттерге да жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп, емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың өмір сапасын жақсартуға жол ашуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласының көлік және қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту барысында заманауи технологияларға негізделген кәсіпкерлік бағыттарды қарастыру...

Түркістан қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету барысында айналым қаражатын тиімді басқарудың маңызы ерекше. Тауар...