Алматылықтар үйде қалай дауыс бере алады: өтініштер сағат 12:00-ге дейін қабылданады

Алматылықтар үйде қалай дауыс бере алады: өтініштер сағат 12:00-ге дейін қабылданады

Денсаулық жағдайына немесе науқас отбасы мүшесіне күтім жасауына байланысты сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын алматылықтар үйде дауыс бере алады.

Ол үшін бүгін, 29 қарашада, сағат 12:00-ден кешіктірмей тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша немесе ауызша өтініш беру қажет. Жазбаша өтінішті туыстары арқылы да жеткізуге болады.

Өтініш негізінде сайлау комиссиясының мүшелері тасымалданатын дауыс беру жәшігімен сайлаушының үйіне барады. Бюллетеньдер жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі. Сайлаушы бюллетеньдерді алғанын өтінішке қол қою арқылы растайды.

Үйде дауыс беру кезінде дауыс беру құпиясы сақталады. Байқаушылар сайлау комиссиясының мүшелерімен бірге баруға құқылы.

Еске салайық, бүгін Алматыда қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Дауыс беруге қатысты қосымша ақпаратты бірыңғай 109 нөмірі арқылы алуға болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласының көлік және қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту барысында заманауи технологияларға негізделген кәсіпкерлік бағыттарды қарастыру...

Түркістан қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету барысында айналым қаражатын тиімді басқарудың маңызы ерекше. Тауар...