Алматы тұрғындарының бірі үшін мәслихат депутаттарының сайлауы туған күнімен тұспа-тұс келді. Ақсақал туған күніне қарамастан, сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Мұнда оны жағымды тосынсый күтіп тұрды. Ақсақалды туған күнімен құттықтап, сыйлық табысталды. Оған зор денсаулық, амандық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Алматылық тұрғынның туған күні осылайша ерекше көңіл күймен басталды.
Еске салайық, бүгін Алматыда қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.


