ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ ЖАППАЙ МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ ЖАППАЙ МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛУДЕ

Алғашқы қоңырау қарсаңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының басым бөлігінде мектеп жәрмеңкесі өтуде.
Аудан-қалаларда өтіп жатқан жәрмеңкеде өңірдің жеңіл өнеркәсібін дамытушы («Алтын адам», «Заря» «Гауһар», «Бақыт» т.б) кәсіпкерлер тігетін сапалы мектеп формалары мен аяқ киім, сондай-ақ, канцеляриялық тауарлар нарық бағасынан 5-10 пайызға арзандатылып сатылуда.
Жәрмеңкеде сатылатын оқушы киімінің сапасының жоғары болуына баса мән беріліп отыр. Мұндай жәрмеңке облыстағы 17 аудан-қаланың барлығында 20-22 тамыз аралығында үш күн бойы өткізіледі.
Одан бөлек, жаңа оқу жылына әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларын мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Қаржы 52 мыңнан астам баланың ата-аналарының есепшоттарына аударылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...