КЕНТАУДА МЫҢ ОҚУШЫҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

КЕНТАУДА МЫҢ ОҚУШЫҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

Кентау қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында бірқатар білім ордаларына қажетті құралдар берілді. Қала әкімі Жандос Тасов мектеп оқушыларымен кездесіп, жаңа оқу жылымен құттықтады. Мемлекет балалардың сапалы білім алуы үшін барлық қолдауларды атқаратынын атап, білімді болуға шақырды. Қала басшысы жас білімгерлерге мектепке қажетті құралдарын табыс етті.
Әр жыл сайын өткізілетін акцияға қаладағы «KAZ ENERGY OIL» компаниясының өкілдері өз үлестерін қосты. Компания өкілдері Кентау қаласының мектептеріне 200 компьютер алып берді. Сонымен қатар 1000 оқушыға сабаққа қажет құралдарын тапсырды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Мұндай қайырымдылық шарасы тамыз айының соңына дейін жалғасады.
Бұған дейін қаланың жанашыр азаматтары 300-ге жуық балаға мектепке қажетті құралдарын алуға көмек көрсеткен болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...