Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленеді

Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленеді

Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

«Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді», - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы алда зейнетақы жүйесін қайта қарастыру керек екенін атап өтті.

«Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу керек. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленетінін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...

24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түрікменстан Республикасының Білім министрінің орынбасары...

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық...