МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Тамыз айы аяқталып, оқушылардың мектепке баруына санаулы күндер қалды. Бұл кездері ата-аналардың балаларына мектепке қажетті заттарын сатып алатынын ескерген Төлеби ауданы әкімідігінің ұйымдастыруымен мектеп жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасыларын қолдап, аудан тұрғындарына қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну болып табылады.
Ленгір қаласындағы орталық базарында өткен жәрмеңке таңғы сағат 10.00 ден басталып, білім алуға қажетті барлық кеңсе заттар арнайы дүкендерден 10%-дан 15%-ға дейін төмен бағада сатылымға қойылды. Ал, мектеп формасы мен сөмкелер базардың бағасынан біршама төмен.
Жәрмеңкенің өтуі барысын Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев бақылып, ата-аналарға жолығып, жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде оқушылардың мектеп тауарларын төмен бағамен сатып алуына көмек көрсету бағытында ұйымдастырылғанын түсіндірді.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жәрмеңкеге 40—тан астам кәсіпкер, сатушы тауарларын ұсынды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...