Алматыда хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Алматыда хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Алматыда 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу жайы талқыланды. Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифпен және Қазақстан хоккей федерациясының басшысы Асқар Маминмен кездесті.
Алматы Қысқы халықаралық ойындарды өткізуде үлкен тәжірибеге ие, - деп хабарлады мегаполис басшысы. Қалада спорттық және қонақ үй инфрақұрылымы дамыған. Мұнда «Медеу» мұз айдыны, «Алматы Арена», «Халық Арена» мұз сарайлары және т. б. бар.
Ерболат Досаев Қазақстанда хоккейден әлем чемпионатын өткізу елімізде осы спорт түрінің танымалдылығын артырады деп есептейді.
Кездесу қорытындысы бойынша Люк Тардиф Қазақстан мен Алматыда хоккейдің дамуына көңіл бөліп отырғанын жоғары бағалады.
Қазақстанның 2027 жылы хоккейден Әлем біріншілігін өткізуге дайындық туралы 15 қыркүйекте Люк Тардифпен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Әлем чемпионатын өткізетін мемлекет 2023 жылдың мамыр айында дауыс беру арқылы таңдалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...