Түрксіб ауданында биыл 85 шақырым желінің құрылысы аяқталады

Түрксіб ауданында биыл 85 шақырым желінің құрылысы аяқталады

Биыл Түрксіб ауданындағы үш мыңға жуық қала тұрғыны орталық сумен жабдықталады. Мұны аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
Үш шағын ауданда және аудан көшелерінің бірінде 138,2 шақырым су құбыры және кәріз желілері тартылып жатыр. Бүгінде 62,2 шақырым желі салынды. Жыл соңына дейін тағы 22,7 шақырым желі іске қосылады. Биыл Шуақты және Жас Қанат шағын ауданындағы 2,7 мың тұрғын, сонымен қатар Закарпатская көшесі орталықтандырылған сумен жабдықталып, кәріз жүйесіне қосылады.
Төменгі бесжылдық шағын ауданындағы желілер құрылысы келесі жылы аяқталады. Бүгінде бұл жұмыс 40%-ға орындалды, 98,4 шақырымның 40 шақырым желісі салынды. Осылайша, келесі жылы Төменгі бесжылдық шағын ауданының 4,1 мың тұрғыны қалалық желілерге қосылады.
Әлмерек, Қайрат, Маяк шағын аудандары үшін 55,8 шақырым желі, оның ішінде 30,7 шақырым сумен жабдықтау және 25,1 шақырым кәріз желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленді. Құрылыс 2023 жылдың II тоқсанында басталады.
Өтініштерді ескере отырып, алдыңғы кездесу барысында орталық су бұру желілерімен қамтылмаған ауданның 7 учаскесі (9,5 мың үй) тексерілді. 2023 жылы кәріз желілерін салуға ЖСҚ әзірленеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...