Түрксіб ауданының 3 шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салынады

Түрксіб ауданының 3 шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салынады

Қайрат, Нұршашқан, Әлмерек шағын аудандарында және Айбасов көшесінде 1 емхана мен 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.
Қазан айында Нұршашқан шағын ауданында 100 келушіге және Айбасов көшесінде
200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталады.
Қайрат шағын ауданында 340 адамды қабылдайтын емхананың құрылысы басталады. Жобалау-сметалық құжаттама жыл соңына дейін әзірленеді.
Әлмерек шағын ауданында 200 келушіге арналған амбулатория салу үшін жер учаскесін сатып алу процедурасы жүріп жатыр. 2023 жылы отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...

Қазақстан Республикасының Үкіметі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ЖИЦДМ) арқылы елімізді технологиялық тұрғыдан трансформациялауға...