"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасын қаржыландыру 1,8 млрд. теңгеге дейін көбейді

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасын қаржыландыру 1,8 млрд. теңгеге дейін көбейді

2022 жылы 24 жоба аяқталды, 18 жоба қараша айында аяқталады. Осы жобалар аясында 12 футбол, 7 баскетбол, 6 волейбол алаңы салынды. 6 сквер ағымдағы жөндеуден өтуде.
Тұрғындардың өтініші бойынша "Зерделі" шағын ауданында 63 үйінің қасбеті жаңартылуда. Бүгінгі таңда 45 үй аяқталды, қалған 18 үйдің жұмысы биыл 15 қарашаға дейін аяқталады.
Жыл соңына дейін Зерделі шағын ауданында 7 үйді нығайтып, түзету жұмыстары аяқталады. Қазір 3 үйдің жұмыстары басталды. Нығайту жұмыстары "ҚазҚСҒЗИ" АҚ институтының жобалық шешімдеріне сәйкес қатаң түрде жүріп жатыр. Қалған 2 салынып бітпеген үй "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қорытындысына сәйкес бұзылады.
18 учаскедегі су басу мәселесін шешу үшін арналарды бұратын коллекторларды қалпына келтіру және арық салу жұмыстары басталды.
3 коллектор қалпына келтіріліп, ұзындығы 955 м арық желісі салынып бітті, қалған 11 учаскенің жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Күзде Алатау ауданы бойынша 65 мың ағаш және 20 мың көшет отырғызу жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...