ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ АҚ ОРАМАЛДЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ АҚ ОРАМАЛДЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

Халқымызда ақ орамалдың орны ерекше. Осы орайда, өңірде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім” мекемесінің қолдауымен және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің атсалысуымен "Ақ орамал" акциясы ұйымдастырылды.
Қазақ қоғамы үшін ақ жаулықты ананың рөлі қашанда жоғары. Айналаға аналық мейірім-шапағаттың нұрын сепкен, ұрпаққа тәлім мен тәрбие берген акцияның мәні де, маңызы да ерекше. ҚХА жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Төлебекқызы бастаған барша ақ жаулықты аналар Түркістан қаласының көпшілік орындарында әуелетіп ән салып, қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй шертті. Ардақты аналардың өнеріне жұртшылық тәнті болды.
Шара барысында болашақ ана болар бойжеткен қыздар өздерінің қос бұрымын өріп, ата-баба салтын көрсетіп, көпшілік ықыласына бөленді.
Игі шараны ұлт пен ұрпақ тәрбиесінің талбесігіне айналған Түркістан халқы жылы қабылдады. Аталған акцияға үлкен-кіші түгел қатысты. Ақ жаулықты әжелер "Ақ кимешекті кір шалмасын" деген ақ ниетпен кимешек киіп, әдемі кештің әрін келтірді.
Акция шеңберінде аналар қауымы көшедегі жүздескен аналарға ақ орамал сыйлап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Бұл бағыттағы Аналар кеңесінің игі шарасы алдағы уақытта да жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...