ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҰЛТТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛМАҚ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҰЛТТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛМАҚ

Түркістан облысы, Созақ ауданында Ұлттық спорт мектебін ашу көзделген. Бұл туралы бүгін «Теріскей» шабандозарын қабылдап, құрмет көрсеткен Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков айтты. Елімізде алғаш рет 18-30 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өткен болатын. Аламанда шабандоздар 1200 шақырымды бағындырды. Биыл тұңғыш рет өтіп отырған бұл бәйгенің баламасы әлемде жоқ. Дүбірлі додаға Қазақстан бойынша 19 аймақ сәйгүлік қосқан. Осынау сында созақтық шабандоздар «Теріскей» командасы, Түркістан облысының намысын қорғады.
- Ат, бәйге, көкпар десе делебезі қоспайтын қазақ жоқ. Астанадан бастау алған марафон- бәйгеде созақтық тұрғындар алаңдап, құлақтарын тосып жүрді. Созақтық атбегілер абырой болып, биіктен көрінді. Бұл сөзсіз сіздердің, барлық команданың еңбегі. Алдағы уақытта ауданнан ұлттық спорт мектебін ашу мәселесін қарастырып жатырмыз,- деді аудан басшысы.
Жеңімпаздарға құрмет көрсеткен аудан басшысына команда жетекшісі Алмат Айтжан, Мырзағали Жақаев ризашылығын білдірді. «Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесінде Зұлқайнар Думан, Бауыржанұлы Исатай, Барлыпұлы Сайдрахман, Тоқтарұлы Өскен, Жанысбайұлы Армияд сынды шабандоздар ат тізгінін ұстады. Сонымен қатар Түркістан облысы «Теріскей» командасының жетекшісі Алмат Айтжан, Түркістан облысы ұлттық ат спорты мектебінің аға жаттықтырушысы Айтбаев Нұрхан, команда мүшелері Жақаев Мырзағали, Әбдіраев Әлиайдар, Ұлықсатов Барлып, Есентаев Бауыржан, Мақанов Еркін, Қыстаубаев Біржан, Өтепов Абай, Жазылбек Ниетқабылұлы сынды азаматтар ауызбіршілікте болып үлкен жетістікке жетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...