СОЗАҚ: ШУ, ТАСТЫ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС ПІКІРІН ТЫҢДАДЫ

СОЗАҚ: ШУ, ТАСТЫ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС ПІКІРІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды Шу, Тасты ауыл округі тұрғындарымен кездесті. Аталған округтерде ағымдағы жылы атқарылар жұмыстар легіне тоқталып өтті. Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселенің маңыздылығы ескеріліп, сол бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Шу ауыл округіунде мал өлекселерін тастайтын «Беккери» шұңқырын, Тасты ауыл округінен 75 орындық мәдениет үйін салу мәселесі бойынша бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.
Кездесу соңында тұрғындар көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген әрбір мәселеге тиісті сала мамандары жауап беріп, бірқатарын орындау мақсатында назарға алғанын жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды халықпен кездесудегі басты мақсатымыз ұсыныстарыңызды тыңдап, атқарылар жұмыстарды бірге пысықтап алу екенін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР...

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...