ТҮРКІСТАН: АҚЫЛДАСҚАН АЗБАС, ЖАҚЫНДАСҚАН ТОЗБАС

ТҮРКІСТАН: АҚЫЛДАСҚАН АЗБАС, ЖАҚЫНДАСҚАН ТОЗБАС

Үш күннен бері жалғасқан қала әкімінің тұрғындармен ашық алаңда кездесуі - Бекзат секторында жалғасты.
Тұрғындар көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.
Қоғамдық көлік және аялдамалар саны арттырылса деген сауалға шаһар басшысы жол бойынша атқарылар бірқатар жоспарды бөлісті:
- Биыл орталықта жол саласы мен инфрақұрылым мәселелеріне басымдық берілді. Соның бірі - жыл соңына дейін қаладағы автобустардың 70 пайызын жаңарту жоспарланған. Және екі жүзден астам аялдама салынады, - деді, қала әкімі өз сөзінде.
Одан бөлек, тұрғындардың мәселесі саябақтардың көгалды күтімі аясында өрбіді. Секторда орналасқан саябаққа күтім жасаушы мамандар қажет. Бұл мәселе сол мезетте шешіліп, арнайы жұмысшылар қойылатыны айтылды.
Сондай- ақ, интернет желісі бойынша көтерілген мәселеге қатысты облыстық "Цифрландыру" басқармасына ұсыныс жолданып, қаралатыны жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...