Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы науқан өткізуде

Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы науқан өткізуде

Қалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, полицияға деген сенім деңгейін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» республикалық науқаны өтуде, деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз-қызметі.
«Іс-шараның басты мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралармен қалың жұртшылықты таныстыру. Шара аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ІІО-да профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтарды анықтау және есепке алу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Диас Дуанбеков.
Сондай-ақ дағдарыс орталықтары да науқанға белсенді түрде қатысуда, оларда құқықтық кеңестер мен психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы маусымда 2022-2023 жылдары басталған реконструкциясы аяқталған үш су шаруашылығы нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Бүгін Шымкентте Астана күніне орай «Елімнің жүрегі – Астана» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. «Shym City» саябағының амфитеатрында...