Астанадағы Есіл ауданын безендіру үшін 848 миллион теңгені Көлгінов кезіндегі тұрақты жеңімпаз жеңіп алды

Астанадағы Есіл ауданын безендіру үшін 848 миллион теңгені Көлгінов кезіндегі тұрақты жеңімпаз жеңіп алды

Астанада жалпы құны 848 миллион теңгеден асатын Есіл ауданын мерекелік безендіру қызметтері бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсынын Алтай Көлгінов әкімі болып тұрған кездегі тұрақты жеңімпаз жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі. 

«Тапсырыс беруші Астана қаласы «Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы – елді мекенді/ауданды/қаланы мерекелік және басқа да іс-шараларға дайындау/көркемдеу жөніндегі қызметтер; жоспарланған сома – 848 214 285,71 теңге; лоттың мәртебесі – сатып алу», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 6 қараша мен 9 қараша аралығында қабылданып, жеңімпаз «Новая Левел» ЖШС деп танылды. Оның басшысы «Компра» (контрагенттік сенімділік қызметі) бойынша Николай Юрьевич Боровинский.

Айта кетейік, «Новая Левел» ЖШС Көлгінов Астана әкімі болып тұрған кезеңде бір емес, бірнеше рет осындай байқауларда жеңіске жеткен болатын.

Техникалық шарттарға сәйкес, қараша айының бірінші онкүндігінің соңында өтетін байқауға қызмет 31 желтоқсанға дейін көрсетілуі тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...