Алматыда «Мүмкіндіктер уақыты» атты екінші әлеуметтік Форум өтті.

Алматыда «Мүмкіндіктер уақыты» атты екінші әлеуметтік Форум өтті.

Алматыда Халықаралық мүгедектер күніне орайластырылған «Мүмкіндіктер уақыты» атты екінші әлеуметтік Форум өтті.

Форумның негізгі мақсаты – инклюзивті қоғам құрудың өзекті мәселелерін кешенді талқылау және шешу жолдары үшін мүгедектігі бар адамдардың барлық дерлік санаттарын жинау.

Форум жаңа форматта, TED конференциясы, Town Hall форматында және Нетворкинг форматында өтті. Форум жұмысына 300-ден астам адам қатысты.

Іс-шараға тең мүмкіндіктер қоғамын құру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік, республикалық және халықаралық ұйымдардың спикерлері мен сарапшылары шақырылды.

Форум барысында әлеуметтік бағдарламалардың даму үрдістері мен перспективалары, мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына қатысты еңбек заңнамасының негіздері, қоғамдық ұйымдардың іске асырылған әлеуметтік жобалары мысалында қоғамның, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы талқыланды.

Сондай-ақ, халықтың мобильділігі төмен топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға зор үлес қосқан тұлғаларды марапаттау рәсімі өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В честь Национального дня домбры в Шымкенте организовали масштабную культурную акцию под девизом «Домбра – голос нации, Конституция – опора страны». В рамках...

Ұлттық домбыра күніне орай Шымкент қаласында «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты кең ауқымды мәдени акция ұйымдастырылды....

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші...