ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы әр аптаның бейсенбісі күні сағат 10:00-13:00 аралығында аудан тұрғындарын мәселелері бойынша қабылдау өткізеді. Аудан әкімі аппаратының мекен-жайы: Байтулы баба 12А.

Сондай-ақ, аудан әкімі аудан тұрғындарының шағымы бойынша орынбасар, бөлім басшылармен бірлесе жиі аралау жұмыстарын жүргізеді. Шалғайда орналасқан Құрсай, Қазығұрт, Ақжар, Ақтас секілді елді мекендерді де жиі аралайды. Атап айтар болсақ, тұрғындар инфрақұрылым және балалар ойын алаңшалары мен көше жарықшамдарын орнату мәселелерін жиі көтереді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған тұрғындарға демеушілер тарапынан көмек көрсетіледі.

Берік Айдарұлы жауапты мамандармен бірлесе көше бойында орналасқан нысандар мен қала көркіне, ажарына кедергі келтіретін кемшіліктер бойынша көшені жаяу аралауда. Нәтижесінде, көше бойындағы қоқыстар, ескірген электр бағаналары мен ашық жатқан люктар ретке келтірілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...