АҚПАРАТТЫҚ – НАСИХАТТЫҚ ТОП СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

АҚПАРАТТЫҚ – НАСИХАТТЫҚ ТОП СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і қызметкерлерінен құралған ақпараттық- насихаттық топ Мирас университетінің студент жастарымен кездесті.
Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер айтылды.
Әсіресе, кездесуде келген қонақтар жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, керағар ағымдар жайында және де шетелде діни білім алудың қауіпті екені жайында ой-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан кереғар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін айрықша атап өтті. Кездесу барысында жастар тарапынан тақырып аясында көптеген сұрақтар қойылып, теолог мамандары жан-жақты жауап берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...