ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Жастар ресурстық орталығы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы АҚ жанындағы медицина колледжінің ерікті жастары бірлесе отыра, «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Еріктілер Шымкент қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттар үйіне арнайы барып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында жастар әуезді әсем әуен мен түрлі қойылымдар қойып, қарттардың көңіліне қуаныш сыйлады.
Жастардың сый-құрметіне ризашылығын білдірген қарттар жастарға ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келген Лаос Халық Демократиялық Республикасының...