НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде.
Осы орайда, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжінде кездесу өткізді.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Манабаева Балжан, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Одаман Меруерт қатысты.
Жиында тақырып бойынша қажетті ақпараттар беріліп, нашақорлықтың адамның өмірі мен денсаулығына кері әсері және заң алдындағы жауапкершіліктері туралы айтылды. Сондай-ақ, жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келген Лаос Халық Демократиялық Республикасының...