БЛОГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

БЛОГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Жастар ресурстық орталығы жас кәсіпкер, «JAKE TAU» турының негізін қалаушы, туризм саласында ерекше орны бар Қабылбай Жақсыбек және жергілікті танымал блогерлермен кездесу ұйымдастырды.
Жастарды кәсіпкерлікке баулу, кәсіп бастауға деген ынталарын арттыру мақсатында өткен шараға Орталық Азия Инновациялық университетінің жастары қатысты.
-Кәсіп бастамас бұрын адам бірінші орынға ақшаны емес, халықтың көңілінен шығатындай дүниені ойға алу қажет. Өзгенің рақметіне бөленіп, алғысын алған сәтте кәсіп ашу жолында кезіккен қиыншылықтың бәрі жоғалады. Сол үшін де ешнәрседен қорықпай, батыл қадам жасау керек, - деді жас кәсіпкер.
Кездесу барысында жастар спикермен түрлі пікірлер алмасып, жетістікке жету жолдарында өздері қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымын Ұйымдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі ретінде атады – Біріккен Ұлттар Ұйымын...

– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы...

– Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта зор рөл атқаратынын айтқым келеді. Өңір әлсін-әлсін...