12 СӘУІР - ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

12 СӘУІР - ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ
Шымкент қаласында Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге 30 жуық студенттер, А.Құнанбаев атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханасының №7 бөлімшесінің меңгерушісі Баймаханбет Камшат пен кітапханашысы Айтбаева Ажар қатысты.
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – жаңашыл ғалым. Ол металлогения ғылымының негізін салушылардың бірі, ал Қазақстанда осы ғылыми бағытты орнықтырушы деп атайды. Сәтбаевтың ғылыми зерттеулері Маңғыстау қоры, Ембі мұнайы, Ақтөбе даласындағы газдың мол қоры жатқандығын анықтады. Сондай-ақ, Қаныш Сәтбаевтың жан-жақтылығын Мұхтар Әуезов «Қазақ халқының зор ғалымы» атты мақаласында жазған, - деді кітапхана меңгерушісі.
Жиында академик кітапхана меңгерушісі Қ.Сәтбаевтың Геология институтын құрудағы еңбегіне тоқталып – оның сүйікті туындысы, Жезқазған мыс кен орнын ашу тарихы және сол кездегі геология саласындағы еңбектеріне тоқталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымын Ұйымдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі ретінде атады – Біріккен Ұлттар Ұйымын...

– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы...

– Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта зор рөл атқаратынын айтқым келеді. Өңір әлсін-әлсін...